Ғажайыптар уақыты.
Аязды ауадан мандарин, даршын, глинтвейннің жағымды хош иісі естіледі. Терезелерде мұзды ою-өрнектер, жарқыраған гирляндалар. Аяғыңыздың астында сықырлаған қар, ал қалтаңызда зімбір печеньесінің үгіндісі. Оның үстіне, Coca-Cola жарнамасындағы Санта да бір нәрсені меңзеп тұрғандай. Мұның бәрі бір ғана нәрсені білдіруі мүмкін: Рождество мен Жаңа жылға енді аз қалды.

Жақсы естеліктер жинайтын кез келді! Желтоқсан күндерін сиқырға толтырып, ештеңені жіберіп алмау үшін біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз.
01. Сыйлық көп болмайды.
Жаңа жылда армандар орындалуы керек. Бірақ бұл жөнінде алдын-ала қамданып қойған дұрыс: жаңа жылдық дүрбелеңде өзіңізге, достарыңыз бен туыстарыңызға сыйлық алуды ұмытып кетуіңіз немесе жай үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін.
Алғашқы сатып алуыңызға 2500 ₸ сыйлық береміз!
*Науқан тек жаңа қатысушылар үшін 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Бонустар 30% дейін жеңілдік ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Wallet қолданбасында тұтынушы картасын ашып, бірінші сатып алуыңыз үшін 2500 ₸ алыңыз.*

Таңдау жасауға көмек керек пе?

iSpace сіздің жақындарыңыздың не армандайтынын біледі. Санатты таңдасаңыз болғаны,
біз қолайлы опцияларды сізге ең жақсы бағамен ұсынамыз.

Таңдау жасауға көмек керек пе?

iSpace сіздің жақындарыңыздың не армандайтынын біледі. Санатты таңдасаңыз болғаны,
біз қолайлы опцияларды сізге ең жақсы бағамен ұсынамыз.
iSpace-те сатып алу сертификаты.
Ең жақсы сыйлық – жарқын әсерге бөлеп, ұмытылмас естеліктер қалдыратын сый. Оны өз талғамыңызға қарай таңдағанда, қателесуіңіз де мүмкін.

Ispace сыйлық сертификатымен бұлай болмайды. Оны онлайн-режимде ресімдеңіз немесе біздің дүкендеріміздің бірінде оның баспа нұсқасын сатып алыңыз.
02. Жаңа жылдық фотосессия.
Егер сіз бұған асықпай дұрыс дайындалсаңыз, бұл өте қызықты идея. Бұл жақындарыңызбен жақсы уақыт өткізіп, өзіңізді 2023 жылғы үлгіңізде есте сақтаудың және өткен жылды қорытындылаудың жақсы тәсілі. Ол сіздің көңіліңізден шығып, тексеру парағының дәстүрлі тармағына айналуы мүмкін.

Айтпақшы, кәсіби түсірілімге тапсырыс берудің қажеті жоқ. Енді мұны үлкен ынта-жігермен өз бетіңізбен де жасауға болады: жаңа iPhone мүмкіндіктерге толы. Сондай-ақ, бұл шынымен де есте қаларлық әрі көңілді!

Былай келісейік: сізден – жақсы көңіл-күй мен әдемі киім, бізден – осының бәрін қалай және қайда жасауға болатыны туралы кеңестер. Инстаграмда лайктар көптеп басылатынына кепілдік береміз!

Жаңа жылдық түсірілімге арналған
ең қолайлы ҮЗДІК-5 локация

Жаңа жылдық түсірілімге арналған
ең қолайлы ҮЗДІК-5 локация.

Локация туралы көбірек білу үшін карточканы жақындатыңыз
Локация туралы көбірек білу үшін карточканы жақындатыңыз
г. Алматы, пр-т Аль-Фараби, 77/8
Esentai Square
г. Алматы, ул. Горная, 465
Высокогорный спортивный комплекс Medeo
г. Алматы
Парк имени Первого Президента РК
г. Алматы, ул. Розыбакиева, 247А
ТРЦ MEGA Alma-Ata
г. Алматы, ул. Горная, 640
Отель Shymbulak Ski Resort
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Камераны сүртіңіз.
Дәл солай! Бұл ең тиімді әдіс. Себебі, кадрды саусақ іздері бұзатындай басқа ешнәрсе бұза алмайды.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
«Торды» пайдаланыңыз.
«Төмен көкжиек» пен нашар композицияға көңілі толмай жататын фотографтарға кезіккен шығарсыз? Суреттеріңіз үйлесімді және көзге жағымды болуы үшін камера теңшеулерінде «Тор» құралын қосып, үштен бір бөлік ережесін қолданыңыз: объектіні суреттің сол жақтағы немесе оң жақтағы үштен бір бөлігіне орналастырыңыз да, қалған екеуін бос қалдырыңыз.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Экспозиция мен фокусты бекітіңіз.
Егер iPhone экранын түртсеңіз, фокусты орнатып, объектіге басымдық беруге болады. Күн белгішесін жоғары немесе төмен жылжыту арқылы кадрдың жарық деңгейін реттей аласыз. Сондықтан ол тым ашық немесе күңгірт болмайды.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Таған мен кіріктірілген таймерді пайдаланыңыз.
Әсіресе, егер сіз түсірілімді кешкі уақытта жасайтын болсаңыз: қолдың «қозғалып кетуі» кадрдың анық болмауына жол бермейді. Тағанның көмегімен бүкіл отбасыңызбен суретке түсе аласыз. Егер сізде Apple Watch болса, онда да камераны ашыңыз. Әдемі кейпіңізді таңдап, сағат экранында барлығы кадрға кіргенін көре аласыз.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Режимдермен эксперимент жасаңыз.
Әзірлеушілер оларға біраз күш жұмсады. Мінсіз портреттер «Портрет режимінде» жасалады: қосымша жарық режимдерін таңдап, диафрагманы теңшеңіз. Топтық кадрларды да «портрет» режимінде жасауға болады, бірақ камерадан адамдарға дейінгі қашықтық үлкенірек болуы керек. Қала архитектурасын түсіру үшін кең бұрышты немесе ультра кең бұрышты объективті қолданыңыз. Егер сіз iPhone-ды айналдырып, «Панораманы» қоссаңыз, бұрмаланулар азаяды.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Кадрлар топтамасын жасаңыз.
Түсірілім кезінде не болса да, мәселен, біреу түшкірді делік – сіз әркез топтамадан қосалқы суретті таңдай аласыз. Сондай-ақ, Live Photos режимін де қосуға болады: онда камера 1,5 секунд ішінде анимация жасайды, соның ішінен сіз ең сәттісін таңдап, оны негізгі етіп қоя аласыз.

Айтпақшы, біраз қулыққа барсаңыз да болады: видео жазып, қалағаныңызша қозғалыңыз да, кейін стоп-кадр түсіріп, оның скринін жасаңыз. Скриннің сапасы түпнұсқа түсірілімнен еш кем болмайды, есесіне мұрағатты мінсіз кадрлармен толықтыру мүмкіндігі одан да жоғары.
1
2
3
4
5
6
7
iPhone-да керемет суреттерді қалай жасауға болады? 7 қарапайым, бірақ пайдалы кеңес.
Суретті өңдеңіз.
Нашар кадрды аздап түзетіп, сәтті кадрды одан да жақсырақ етуге болады. Қардың түсі лас сұр немесе көкшіл емес, ақ болып қалуы керек. Штаттық редакторда сүзгілер, параметрлер және суретті автоматты түрде мәнерлірек ететін «Авто» батырмасы бар. Өңдеулерді көшіріп алып, басқа суреттерге қолдануға болады. Егер кіріктірілген редактордың мүмкіндіктері жеткіліксіз болса, VSCO немесе Lightroom-ды жүктеп алыңыз. Артық болса - «көзге көрінетін қоқыстарды» алып тастап, негізгі объектіге баса назар аударатындай етіп кадрлаңыз.
1
2
3
4
5
6
7

iPhone түсіріліміне арналған 3 пайдалы аксессуар.

Смартфоныңыздың бар мүмкіндігін пайдаланғыңыз келе ме? Біз өз девайсын барынша ыңғайландырып,
онымен керемет суреттер мен бейнежазбалар жасағысы келетіндерге арнап пайдалы аксессуарлар таңдадық.

iPhone түсіріліміне арналған 3 пайдалы аксессуар.

Смартфоныңыздың бар мүмкіндігін пайдаланғыңыз келе ме? Біз өз девайсын барынша ыңғайландырып,
онымен керемет суреттер мен бейнежазбалар жасағысы келетіндерге арнап пайдалы аксессуарлар таңдадық.
03. Үйдегі «жалқау» демалыс.
Бұл тұрғыдан біз кесімді пікірдеміз: жұмыс мәселелерін шешуді бір-екі күнге кейінге қалдырып, өзіңізге, өзіңіздің көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Үйіңізге гирляндалар мен әшекейлер іліп, шыршаны безендіріңіз, зімбір печеньесін пісіріңіз, сүйікті тректеріңізді қосыңыз немесе жаңа жылдық фильмдер қараңыз! Жалпы, өзіңізді қуантатын, жаныңызды жылуға бөлейтін нәрселермен айналысыңыз.
Beoplay H95
589 990 ₸

КУПИТЬ →
Beosound A1 2nd Gen
154 990 ₸

КУПИТЬ →
Beosound Balance
1 699 990 ₸

КУПИТЬ →
AENO RC3S
179 990 ₸

КУПИТЬ →

Apple TV-мен кино әлеміне саяхаттаңыз.

Нарықтағы ең үздік телевизиялық приставка. Онымен сіз фильмдерге, сериалдарға,
ток-шоулар мен жоғары ажыратымдылықтағы тікелей трансляцияларға қол жеткізе аласыз.

Apple TV-мен кино әлеміне саяхаттаңыз.

Нарықтағы ең үздік телевизиялық приставка. Онымен сіз фильмдерге, сериалдарға, ток-шоулар мен жоғары ажыратымдылықтағы тікелей трансляцияларға қол жеткізе аласыз.
Демек, оның суреттердегі пиксельдер саны HD-ге қарағанда 4 есе көп, динамикалық диапазоны кең және дыбысы кеңістіктегі адамдар мен заттардың орналасуын ескеретіндей көлемді.
4K, Dolby Vision және Dolby Atmos-ты қолдайды.
Ішіндегі интерфейсі әдемі және түсінікті, ал қолданбалары біртіндеп жүктеледі және қатып қалмай жұмыс істейді.
Ыңғайлы tvOS операциялық жүйесі бар.
Сіз Home Kit қолдайтын құрылғыларды қашықтан басқару пульті немесе iPhone арқылы басқара аласыз.
Ақылды үйдің орталығы ретінде қызмет етеді.
Apple TV приставкасы автономды жұмыс істейді. Бірақ Apple – iPhone, Mac, iPad құрылғыларымен бірге қолданылғанда – оның мүмкіндіктері барынша ашылады.

3 айға Apple TV+ жазылымын сыйлаймыз.
Mac, iPad немесе iPhone сатып алған жағдайда

Не көруге болады? iSpace ұсынады.

Жаңа жылдық фильмдер саны шексіз! Бірақ біз өзіміздің ең сүйікті ондығымызбен бөлісуді жөн көрдік: онда үйде қалдырып кеткен Кевин туралы да, мерекені ұрлағысы келген Гринч туралы да фильмдер бар. Сақ болыңыз, спойлер: бірақ ештеңе шықпады!

Не көруге болады? iSpace ұсынады.

Жаңа жылдық фильмдер саны шексіз! Бірақ біз өзіміздің ең сүйікті ондығымызбен бөлісуді жөн көрдік: онда үйде қалдырып кеткен Кевин туралы да, мерекені ұрлағысы келген Гринч туралы да фильмдер бар. Сақ болыңыз, спойлер: бірақ ештеңе шықпады!
Рождество мейрамы – жақындарыңызбен кездесуге тамаша себеп. Витфилдтер бірнеше жылдан бері бір-бірімен көріспейді: осы уақыт ішінде отбасының әрбір мүшесінде көптеген құпиялар жиналады. Сағат соғып жатқан сәтте барлық бетперделер шешілсе, не болады?
«Рождество»
Махаббат мүлдем күтпеген жерден, байқаусызда пайда болады. Расында да солай: достарымен бірге моншаға кеткен Женя Лукашин өзіне беймәлім Надяның пәтерінде – мүлдем басқа қалада оянады. Бірақ 31 желтоқсанда тіпті бұдан бетер оқиғалардың болуы әбден мүмкін!
«Ирония судьбы, или С лёгким паром!»
Вилли – жаман Санта. Ол қай жерде болсын бөтелкесін тастамайды, бұрын үйленген, бұған қоса темір торға да тоғытылған. Жыл сайын Рождествода ол қаладағы ең үлкен дүкенді тонайды екен. Бұл жағдай оның бір кішкентай баламен кездескен сәтіне дейін жалғасады, сол бала үшін ол ғажайып жасауға бел буады.
«Плохой Санта»
Гринч адамдардан алыс қараңғы үңгірде тұрады. Бірақ әлдебір үлкен оқиға туралы қауесет оған да келіп жетеді. Ол мерекені бұзып, Рождествоны ұрлап кетуге бел буады! Оның соншалық «қышқыл» және жасыл болуының таңдандырмауы да содан болар.
«Гринч»
Атлант мұхитының екі жағында тұратын Айрис пен Аманда махаббатта сәтсіздікке ұшырайды. Олар өздері тұрып жатқан үйлерін рождестволық мереке кезіне ауыстыру арқылы жеке өмірлеріндегі дағдарысты жеңуді шешеді. Бұл қыздарды қандай тосынсыйлар күтіп тұр десеңізші!
«Отпуск по обмену»
Балаларының бірін үйде ұмытып, Еуропаға мерекелік демалысқа асығыс ұшып кеткен отбасы туралы оқиға. Кевин есімді бала, тіпті ақымақ қарақшылар үйін тонағысы келген кездің өзінде де, көңіл көтере біледі.
«Один дома»
Ата-анасының үйінде мерекелік үстелге жиналатын отбасы туралы мейірімді, көңілді әрі күлкілі комедия. Бұл дүрбелең мен үлкен жанжал жасау үшін бе, әлде гештальттарды жауып, ақыры татуласу үшін бе, кім білсін?
«Любите Куперов»
Ғаламат рождестволық кеш фирманы банкроттықтан құтқаруы тиіс еді. Егер басты кейіпкер кешке шақырылған ірі клиентті өзіне қарата алса, әрине. Бірақ жоспардан тыс оқиға орын алды.
«Новогодний корпоратив»
Жас сиқыршы Гарридің өмірі қиындықтарға толы: оның ата-анасын біреулер өлтіріп кетеді, ал өзі тәтесінің үйіндегі шоланда тұрады. Бұған қоса, атын атауға болмайтын адам сиқырлы әлемді және Гарридің өзін жойғысы келеді. Қызыға қараймыз: Сізді бақандай 8 фильм күтіп тұр!
Сага о «Гарри Поттере»
Жер бетіндегі барлық адамдар алты қол алысу арқылы бір-бірімен таныс болады деген теорияға сенесіз бе? Фильм кейіпкерлеріне қиын жағдайлардан шығуға тек сол ғана көмектесе алады. Және жаңа жылдық ғажайып, әрине!
«Ёлки»
3 айға Apple Music жазылымын сыйлаймыз.
Сүйікті тректеріңіздің AirPods-тан қалай дыбысталатынын тыңдап көріңіз. Біз Apple Music-те жаңа жылдық плейлист әзірледік: батырманы басып, тезірек жүктеп алыңыз. Бізге сеніңіз, дайындық шараларын мерекелік атмосфераны қалыптастыратын отты музыкамен жасау әлдеқайда қызықтырақ!
AirPods немесе iPhone сатып алған жағдайда

AirPods – сым туралы ұмытыңыз.
Тек ләззат алыңыз.

Сіздің iPhone-бен мінсіз қосылыс. Сүйікті тректердің теңдессіз дыбысталуы.
Достарыңызбен және туғандарыңызбен ұзақ минут әңгімелесу.

AirPods – сым туралы ұмытыңыз. Тек ләззат алыңыз.

Сіздің iPhone-бен мінсіз қосылыс. Сүйікті тректердің теңдессіз дыбысталуы. Достарыңызбен және туғандарыңызбен ұзақ минут әңгімелесу.
Аспаздық таланттарыңызды көрсетіңіз.
Жаңа жылдық үстел жаю – бұл сүйікті фарфорыңызды шаңнан тазартудан әлдеқайда ауқымдырақ нәрсе. Алдымен қонақтарыңызды экзотикамен таң қалдырасыз ба, әлде оларды дәстүрлі тағамдармен күтесіз бе, соны шешіп алу керек. Содан кейін мәзір жасап, барлық қажетті ингредиенттерді сатып алыңыз. Сондай-ақ, мерекелік атмосфераны ойластыруды да ұмытпаңыз: үстелді шырша бұтақтарымен, бүршіктерімен, түрлі шамдармен және гирляндалармен безендіріңіз. Ғажайып көрініс болады!

Айтпақшы, біздің мерекелік үстел мәзірімізді пайдалануыңызға болады.
04. Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жанында болыңыз. Алыс болсаңыз да.
Күнделікті күйбең тіршілікте адамдар бір-бірімен кездесіп, бетпе-бет сөйлесуге уақыт таппай жатады. Әсіресе, олардың арасы қашық болған жағдайда. Бірақ электронды құрылғылар мен гаджеттер шекараларды толығымен жойып, қай жерде, қай кезде болмасын, адамдардың бір-бірімен байланыста болуына мүмкіндік береді.
SATECHI Thunderbolt 4 Pro Cable
29 990 ₸

КУПИТЬ →
NATIVE UNION USB-C
174 990 ₸

КУПИТЬ →
05. Ішіңіздегі «баланы» еркелетіңіз.
Әр ересек адамның ішінде кішкентай бала өмір сүреді, бірақ оның бар екенін кейде ұмытып кетіп жатамыз. Бірақ ішкі дүниеміздің сол бір бөлшегі шығармашылық тұрғыдан көріну, кенеттен әрекет ету және шынайы болу, сондай-ақ дос болу және сүйе білу қабілетіне жауап береді.

Қашан да жігерлі әрі нәтижелі болу үшін ішіңіздегі «баланы» еркелетіңіз. Өзіңізге ләззат сыйлайтын нәрселермен айналысыңыз: қиялдаңыз, ақымақтық жасаңыз және, әрине, ойнаңыз!
SATECHI, 7.5 Вт
82 990 ₸

КУПИТЬ →
APPLE FineWoven Case с MagSafe для iPhone 15
39 990 ₸

КУПИТЬ →
Алғашқы онлайн-курстың 3 модуліне тегін қол жеткізу.
Ең танымал дизайн, маркетинг, бағдарламалау, менеджмент мамандықтары ұсынылған.

Сайттағы курсты таңдап, өтінім қалдырып және 3 модуль бойынша толықтай тегін дайындықты өтіңіз.
Оқу құрылымы туралы біле аласыз
Бағдарлама деңгейін бағалай аласыз
Егер курс сізге келмейтін болса, оны ауыстыра аласыз
Тек Рождество, Жаңа жыл немесе туған күн қарсаңында ғана емес. Егер сізге бұл үшін себеп қажет болса, бұл Риясыз мейірімділік күні – 17 ақпан болсын. Немесе, айталық, Супер қаһармандар күні - 28 сәуір болсын. Өзіңіз үшін әрқашан жағымды нәрсе жасауға мүмкіндік табатын адам болыңыз.

Ispace командасы бұған қашан да көмектесуге дайын. Таратылымымызға жазылып, бізден және серіктестерімізден сыйлықтар алыңыз!
Және өзіңіз туралы ұмытпаңыз.